Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Агробизнес және сервис колледжі» МКҚК орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысының бос лауазымына тұрақты жұмысқа орналасу үшін конкурс жариялайды.
Индексі: 020300, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астраханка ауылы, Абылай хан көшесі, 1.
Анықтама үшін телефон: 8-716-41-2-24-91
E-mail: atk6@yandex.kz
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Лауазымдық міндеттері:
- оқытатын пәніне сәйкес білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және олардың дамуына ықпал етеді;
- оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;
- білім алушылардың сапалы білім, білік және дағдылар алуын қамтамасыз етеді;
- оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
- білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
- жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
- білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;
- басшының бұйрығы негізінде өзіне бекітілген топқа кураторлық етеді;
- кураторлық сағаттарды мынадай нысандарда өткізеді: топ жиналысы немесе топ активінің отырысы, ақпараттық сағат, тақырыптық сыныптан тыс іс-шара;
- семестрде кемінде 1 рет ата-аналар жиналысын өткізеді, ата-аналармен байланысты қамтамасыз етеді;
- топпен жұмыс жүргізу бойынша құжаттаманы жүргізеді;
- бекітілген топтағы білім алушылардың оқу тәртібі мен сыртқы келбетіне бақылау жүргізеді;
- топ кураторының журналын толтырады;
- топ кураторларының әдістемелік бірлестігінің отырыстарына қатысады;
- білім алушылардың сабақтарға, секцияларға, үйірмелерге қатысуын бақылайды;
- топ білім алушыларының үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы ведомостерді толтырады;
- ашық сабақтар, ашық тәрбие іс-шараларын өткізеді;
- жұмыс кеңестеріне, педагогикалық және әдістемелік кеңестерге, форумдарға, конференцияларға, семинарларға ұйымдастырады және қатысады;
- педагогикалық әдепті және академиялық адалдықты сақтайды;
- өзара сабаққа қатысу және педагогикалық тәжірибе алмасу шеңберінде басқа педагогтердің сабақтарына қатысады;
- колледж контингентін сақтауға бағытталған жұмысты жүргізеді;
- білім алушылардың таңдаған кәсібіне қызығушылығын, өз колледжіне деген мақтаныш сезімін және колледж мүлкіне ұқыпты қарауын тәрбиелейді;
- білім алушыларды ғылыми үйірмелердің, спорт секцияларының, көркемөнерпаздар үйірмелерінің, қызығушылықтары бойынша клубтардың жұмысына тартуға ықпал етеді;
- білім алушылардың белсенді өмірлік ұстанымын, тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді;
- білім алушылардың колледждің қоғамдық пайдалы іс-шараларына белсенді қатысуын қамтамасыз етеді;
- білім алушыларда азаматтық, патриотизм, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырады;
- заңнамаға сәйкес біліктілік санатын арттырады.
Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
- білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын;
- білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын;
- оқу пәнінің мазмұнын;
- оқу-тәрбие процесін;
- оқыту және бағалау әдістемесін;
- педагогика және психология, әлеуметтану негіздерін;
- қазіргі заманғы педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін;
- басқарудың инновациялық әдістерін;
- педагогикалық әдеп нормаларын;
- еңбек заңнамасын;
- қауіпсіздік және еңбекті қорғау қағидаларын;
- өрт қауіпсіздігі талаптарын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе кәсіптік білімі болуы, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
немесе жоғары деңгейдегі біліктілігі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі:
- педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл;
- педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл;
- педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;
- педагог-шебер үшін – 5 жыл.
Кәсіби құзыреттерін айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) «Педагог»
- білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі;
- білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етуі;
- білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысуы;
- білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуде жеке тәсілді жүзеге асыруы;
- кәсіби-педагогикалық диалог жүргізу дағдыларын меңгеруі;
- цифрлық білім беру ресурстарын қолдануы тиіс.
2) «Педагог-модератор»
«Педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс, сондай-ақ:
- оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалануы;
- білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибесін жинақтауы;
- білім беру ұйымы деңгейіндегі олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болуы тиіс.
3) «Педагог-сарапшы»
«Педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс, сондай-ақ:
- ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеруі;
- тәлімгерлікті жүзеге асыруы және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындауы;
- аудан/қала деңгейінде тәжірибесін жинақтауы;
- аудан/қала деңгейіндегі олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болуы тиіс.
4) «Педагог-зерттеуші»
«Педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс, сондай-ақ:
- сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеруі;
- білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;
- аудан, қала деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асыруы және педагогикалық қоғамдастықтағы даму стратегияларын айқындауы;
- облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) өз тәжірибесін жинақтауы;
- облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейіндегі (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болуы тиіс.
5) «Педагог-шебер»
«Педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс, сондай-ақ:
- Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламасы болуы;
немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген жарық көрген оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болуы;
немесе тест тапсырмаларына, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендерге сараптама жүргізу жөніндегі сарапшылар құрамына кіруі;
немесе чемпионаттардың (WorldSkills) (кәсіби шеберлік конкурстарының) сарапшысы болуы;
немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша тренер болуы;
- ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;
- облыс деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асыруы және кәсіби қоғамдастық желісінің дамуын жоспарлауы;
- республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болуы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға қатысушыларды дайындауы тиіс.