Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Агробизнес және сервис колледжі» МКҚК әлеуметтік педагогтің бос лауазымдық қызметіне тұрақты жұмысқа орналасу үшін конкурс жариялайды.
Индексі: 020300, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астраханка ауылы, Абылай хан көшесі, 1.
Анықтама үшін телефон: 8-716-41-2-24-91
E-mail: atk6@yandex.kz
Әлеуметтік педагог
Лауазымдық міндеттері:
Тұлғаның және оның шағын ортасының психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға уақтылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді; әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандары мен әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік мәселелерін шешу тәсілдерін айқындайды; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды; білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар мен білім беру ұйымы, отбасы, әлеуметтік орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады; білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) тәрбиелеу, оқыту, дамыту және әлеуметтік қорғау бойынша тұлғаның қоғам өміріне бейімделуін қамтамасыз ететін кешенді шараларды жүзеге асырады.
Девиантты мінез-құлықты білім алушыларды есепке алу журналын жүргізеді; патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен қамтамасыз ету, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың, аз қамтылған, көпбалалы, қолайсыз отбасылардан шыққан балалардың, мүгедектігі бар балалардың, бала кезінен мүгедектігі бар адамдардың, девиантты мінез-құлықты білім алушылардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді; инклюзивті білім беру қағидаттарын дамытады; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің сабақтан тыс уақытта зияткерлік және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды; әлеуметтік ортада ізгілікке негізделген қарым-қатынастардың орнауына ықпал етеді; бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді; мұғалімдермен, ата-аналармен және білім алушылардың өзге де заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды; ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады; білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; білім беру ұйымында білім беру оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады; білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беру мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерді; әлеуметтік саясат негіздерін; жалпы және әлеуметтік педагогиканы, педагогика мен психологияны; педагогикалық әдеп нормаларын; валеология негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістемелерді; әлеуметтік-педагогикалық жұмыс негіздерін; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары педагогикалық білімі немесе «Әлеуметтік педагог» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі не қайта даярлау туралы құжаты болуы, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі:
Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) «Педагог-модератор»: педагогке қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс: озық тәжірибені зерделеу; оны практикада қолдану; оқу-тәрбие жұмысын талдау дағдыларының болуы; білім беру ұйымының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу.
2) «Педагог-сарапшы»: «педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс, сондай-ақ: тәрбие жұмысын талдау әдістерін меңгеру; шығармашылық семинарларға басшылық жасай білу, озық тәжірибені енгізу.
3) «Педагог-зерттеуші»: «педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс, сондай-ақ: тәжірибелік-эксперименттік жұмыс әдістерін меңгеру; жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар мен педагогикалық технологияларды әзірлеу, оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу; әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу жөніндегі шығармашылық топтардың жұмысына басшылық жасау.
4) «Педагог-шебер»: «педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс, сондай-ақ: тәжірибелік-эксперименттік жұмыс әдістерін меңгеру; жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар мен педагогикалық технологияларды әзірлеу, оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу; республикалық деңгейде әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу жөніндегі шығармашылық топтардың жұмысына басшылық жасау.