1989 жылы 15 ақпанда соңғы кеңес әскерлері Ауғанстан мемлекетінен шықты. Осылайша Кеңес Одағы 15 мыңнан астам азаматынан айырылған 10 жылдық соғысы аяқталды. Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні-бұл Ауған ардагерлерінің мерекесі, сонымен бірге барлық қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске алу және аза тұту күні.
Біздің жауынгерлерімізге Мәңгілік даңқ!
Ауғанстан Республикасында интернационалдық борышын өтеген біздің құрметті әріптестеріміз, жауынгерлеріміз Муканов Оразбай Кенжеұлы мен Оразбаев Жанабай Шаріпұлы! Сіздердің батылдықтарыңыз, ерліктеріңіз біреудің үміті мен құтқарушысы болғаны үшін Сіздерге үлкен рахмет! Сіздердің мейірімді және қайырымды жүректеріңіз үшін, өмірлеріңіз сүйіспеншілік пен қамқорлыққа, жарқын сәттермен және қуанышты кездесулерге толы болсын. Сіздерге мықты денсаулық, ашық аспан, қажымас қайрат, жан тыныштығы мен тепе-теңдік, адамгершілік тұрақтылық тілейміз.