Текст
Білім беру мекемесін терроризмге қарсы сенімді қорғауды ұйымдастыру мақсатында колледж басшысы К.О. Сүйіндіков және басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары В. С. Путинцева қызметкерлермен отырыс өткізді. Отырыста оқу ұйымының ғимараттарына қарулы шабуыл жасау қаупі төнген кезде қызметкерлердің, оқушылар мен педагогикалық құрамның іс-қимылдарының үлгілік алгоритмі бойынша мәселелер қаралды. Сондай-ақ, профилактикалық бейне нұсқаулық көрсетіліп, терроризм актісінің қауіпі туындаған немесе терроризм актісі жасалған кезде өткізу ережелері туралы жадынамалар таратылды.