АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Семинар-тренингі

21.05.2021

Әдептілік, адалдық және сатылмаушылық әрбір адамның өміріндегі басты құндылықтар болуы керек. Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, тәрбиелеу мәселесі бойынша 21 мамырда колледжде ZOOM платформасында онлайн форматта Ақмола облысының "ADALDYQ ALANY" жобалық кеңсесінің басшысы Тайтенова Самира Өмірбаевнаның шақыруымен тренинг-семинар өтті.

Іс — шараның мақсаты - «ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесін оқу орындарында сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған іс жүзінде іске асыру.

Тренинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі студент жастарды тарта отырып, жұмыс істеудің сервистік моделіне көшу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою арқылы ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсыныстар берді. Өйткені, елді жаңғырту мен стратегиялық мақсаттарға жету жастардың білімі мен шешімділігіне байланысты. Біздің студенттер өз қызметімен бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына үлес қосатындардың бірі болып табылады. Бақытты болашақ жастардың қолында!

Просмотров: 409


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст