Жыл сайын 31 мамырда Қазақстан Республикасында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. 31 мамыр күні 1932 жылы жаппай ашаршылық пен 1937 жылы саяси қуғын-сүргіннің басталғаны туралы естелік ретінде таңдалды.
28 мамыр күні аудандық Астрахан кітапханасында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған "Қайғылы тағдырлар тарихы" атты тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітжанов Сағынай Сейітжанұлы, Вдовиченко Ядвига Иосифовна кештің арнайы қонақтары болды. Кешке Астрахан ауылының Агротехникалық колледжінің 1 курс студенттері қатысты. Тақырып өте мазмұнды болды. Мақсат-тарихтан сабақ алу, өткенді құрметтеу, солшыл саясаттың құрбаны болған қоғам мен мемлекет қайраткерлерін, қарапайым адамдарды еске алу.