АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

*ȥ;s6;?Ib>S?]j޷cF#

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос жұмыс орнына конкурс - Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

20.08.2026

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Агробизнес және сервис колледжі» МКҚК орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысының бос лауазымына тұрақты жұмысқа орналасу үшін конкурс жариялайды.

Индексі: 020300, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астраханка ауылы, Абылай хан көшесі, 1.
Анықтама үшін телефон: 8-716-41-2-24-91
E-mail: atk6@yandex.kz

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Лауазымдық міндеттері:

  • оқытатын пәніне сәйкес білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
  • тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және олардың дамуына ықпал етеді;
  • оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;
  • білім алушылардың сапалы білім, білік және дағдылар алуын қамтамасыз етеді;
  • оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
  • білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
  • жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;
  • басшының бұйрығы негізінде өзіне бекітілген топқа кураторлық етеді;
  • кураторлық сағаттарды мынадай нысандарда өткізеді: топ жиналысы немесе топ активінің отырысы, ақпараттық сағат, тақырыптық сыныптан тыс іс-шара;
  • семестрде кемінде 1 рет ата-аналар жиналысын өткізеді, ата-аналармен байланысты қамтамасыз етеді;
  • топпен жұмыс жүргізу бойынша құжаттаманы жүргізеді;
  • бекітілген топтағы білім алушылардың оқу тәртібі мен сыртқы келбетіне бақылау жүргізеді;
  • топ кураторының журналын толтырады;
  • топ кураторларының әдістемелік бірлестігінің отырыстарына қатысады;
  • білім алушылардың сабақтарға, секцияларға, үйірмелерге қатысуын бақылайды;
  • топ білім алушыларының үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы ведомостерді толтырады;
  • ашық сабақтар, ашық тәрбие іс-шараларын өткізеді;
  • жұмыс кеңестеріне, педагогикалық және әдістемелік кеңестерге, форумдарға, конференцияларға, семинарларға ұйымдастырады және қатысады;
  • педагогикалық әдепті және академиялық адалдықты сақтайды;
  • өзара сабаққа қатысу және педагогикалық тәжірибе алмасу шеңберінде басқа педагогтердің сабақтарына қатысады;
  • колледж контингентін сақтауға бағытталған жұмысты жүргізеді;
  • білім алушылардың таңдаған кәсібіне қызығушылығын, өз колледжіне деген мақтаныш сезімін және колледж мүлкіне ұқыпты қарауын тәрбиелейді;
  • білім алушыларды ғылыми үйірмелердің, спорт секцияларының, көркемөнерпаздар үйірмелерінің, қызығушылықтары бойынша клубтардың жұмысына тартуға ықпал етеді;
  • білім алушылардың белсенді өмірлік ұстанымын, тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді;
  • білім алушылардың колледждің қоғамдық пайдалы іс-шараларына белсенді қатысуын қамтамасыз етеді;
  • білім алушыларда азаматтық, патриотизм, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырады;
  • заңнамаға сәйкес біліктілік санатын арттырады.

Білуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын;
  • «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
  • білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын;
  • білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын;
  • оқу пәнінің мазмұнын;
  • оқу-тәрбие процесін;
  • оқыту және бағалау әдістемесін;
  • педагогика және психология, әлеуметтану негіздерін;
  • қазіргі заманғы педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін;
  • басқарудың инновациялық әдістерін;
  • педагогикалық әдеп нормаларын;
  • еңбек заңнамасын;
  • қауіпсіздік және еңбекті қорғау қағидаларын;
  • өрт қауіпсіздігі талаптарын.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе кәсіптік білімі болуы, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

немесе жоғары деңгейдегі біліктілігі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі:

  • педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл;
  • педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл;
  • педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;
  • педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Кәсіби құзыреттерін айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) «Педагог»

  • білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі;
  • білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етуі;
  • білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысуы;
  • білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуде жеке тәсілді жүзеге асыруы;
  • кәсіби-педагогикалық диалог жүргізу дағдыларын меңгеруі;
  • цифрлық білім беру ресурстарын қолдануы тиіс.

2) «Педагог-модератор»

«Педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс, сондай-ақ:

  • оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалануы;
  • білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибесін жинақтауы;
  • білім беру ұйымы деңгейіндегі олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болуы тиіс.

3) «Педагог-сарапшы»

«Педагог-модератор» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс, сондай-ақ:

  • ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеруі;
  • тәлімгерлікті жүзеге асыруы және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындауы;
  • аудан/қала деңгейінде тәжірибесін жинақтауы;
  • аудан/қала деңгейіндегі олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болуы тиіс.

4) «Педагог-зерттеуші»

«Педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс, сондай-ақ:

  • сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеруі;
  • білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;
  • аудан, қала деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асыруы және педагогикалық қоғамдастықтағы даму стратегияларын айқындауы;
  • облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) өз тәжірибесін жинақтауы;
  • облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейіндегі (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болуы тиіс.

5) «Педагог-шебер»

«Педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс, сондай-ақ:

  • Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламасы болуы;

немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген жарық көрген оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болуы;

немесе тест тапсырмаларына, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендерге сараптама жүргізу жөніндегі сарапшылар құрамына кіруі;

немесе чемпионаттардың (WorldSkills) (кәсіби шеберлік конкурстарының) сарапшысы болуы;

немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша тренер болуы;

  • ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;
  • облыс деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асыруы және кәсіби қоғамдастық желісінің дамуын жоспарлауы;
  • республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болуы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға қатысушыларды дайындауы тиіс.

 

Просмотров: 73


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст