АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті Астрахан ауылының Агротехникалық колледжінің студенттері, түлектері, жас қызметкерлері!

12.08.2021

Баршаңызды тамаша мереке – Халықаралық жастар күнімен құттықтаймыз!

Жастық шақ - әр адамның өміріндегі өзгерістерге, жаңа оқиғаларға толы ең бақытты кезең. Бұл баға жетпес тәжірибе жинайтын уақыт. Бұл - жігерлі жастардың болашаққа керемет жоспарлар құрып, кәсібін анықтап, жаңа белестерді бағындыратын кезі. Олардың алдында әлі де көптеген жаңалықтар, бүкіл белгісіз әлем бар.

Барлықтарыңызға белсенді және қызықты өмір, зор бақыт, рух пен дененің сергектігін, үйлесімділік пен даналықты, оқуда, еңбекте қуаныш тілейміз!

Аға буынның үлгісі, олардың тәжірибесі мен даналығы, өмірлік жетістікке жету жолында көмектессін. Өйткені, адамдар мен туған елдің игілігі үшін игі істер эстафетасын жалғастыратын сіздер жастарсыздар.

Біліміңіздің сарқылмас көзі Сізге қызықты өмірдің барлық жолдарын ашсын! Талпыныңыз, дамыңыз, мақсаттарыңыздан таймаңыз, жаңа көкжиектер ашыңыз, жетістікке жетіңіз және өз колледжіңізді, ауылыңызды, ауданыңызды және еліміздің абыройын асқақтата беріңіз!

Әрқашан мақсатты, қызығушылық танытыңыз және қамқор болыңыз, үйреніңіз, өзіңізді жетілдіріңіз, армандаңыз және арманыңызға сеніңіз!

 

Колледж әкімшілігі

Просмотров: 390


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст