«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жайлы пікір алмасу.
Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласына орай, 2019 жылдың 24 қаңтар күні №6 Агротехникалық колледжінің ұстаздары мен 1-2 курс оқушылары арасында талқылау өткізілді. Ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін жаңаша бағамдауға, заман талабына сай өркендей түсуіне жол ашатын ауқымды жобаны іске асыру бағытында келелі әңгіме қозғалды. Жиынға «Нұр Отан» партиясының аудандық өкілі Сулейменов Қ.С. қатысып, аталған мақаланың төл руханиятымызды дамытуға ерекше серпін берген «Рухани жаңғыру» кешенді бағдарламасының жалғасы екенін, жаңа идеялар арқылы ел болашағын баянды ете түсудің шешуші сәті екенін айтып өтті.
Тарихи өткенімізді тану аясында жүретін жеті жылдық «Архив-2025» бағдарламасы негізінде түрлі тарихи- археологиялық зерттеулер жүргізілгендігі және де оны тереңінен ұғындыру мақсатында түрлі жобалардың жүзеге асырылып жатқандығы айтылды.
Түптеп келгенде Ұлы даланың жеті қырының әрқайсысы әр қазақстандықтың өткеніне үңілуі, қоғамның дамуына қосқан үлесін ой таразасына салуын көздейді. Жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өткенімізге оң көзқараспен қарауды, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге үлес қосса, «Ұлы даланың жеті қыры» ұлттық сананың оянуына, оның жаңа заман талаптарына сай қалыптасуына жол ашары сөзсіз. Ұлы далада өмір сүріп отырған бүгінгі жастар, яғни студенттер өткен тарихтағы өр тұлғалардың ұрпағы екендігін мақтанышпен сезінетінін айтты.