АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үлгі тұтар тұлға.

30.01.2019

Үлгі тұтар тұлға.

Әдебиет зерттеуші ғалым, ақын, драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдық мерейтойы мемлекет көлемінде  атап өтілді. Бұл мерекеге біздің колледжде қалыс қалған жоқ. Арнайы апталық жоспар құрылып ашық сабақ, дөңгелек үстел, пікірсайыстар өткізілді. ОП-62 тобына Әбділда Тәжібаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау, сөз байлығымыздан нәр алып, шығармашылығы мен «Толағай аңыз-ертегісі» тақырыбында колледжіміздің қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Махан Мәнке ашық сабақ өткізді. Сабақ оқушыларға қызықты, тартымды өтті.

1,2,3 – курс арасында «Ұлағатты  ұлы тұлға» тақырыбында сабақтан тыс сайыс өткізілді, оқытушылары Жолбарысхан Гүлмайран, Кеншілікова Меруерт. Сабақ оқушыларға жазушы өмірінің қыр – сырынан өте көп мәлімет беріп, ата жолы жас ұрпаққа қашанда үлгі өнеге боларын дәлелдегендей. Сабаққа белсене қатысқан СР-59, СР-63, М-142 топ оқушыларына ұстаздар тарапынан алғыс білдірілді.

Просмотров: 520


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст