Текст
2019 жылы 10 сәуірде Жастар ресурстық орталығы мен "ЖАС ОТАН" ЖҚ бірлесіп колледжімізде "Темперамент және мамандық" тақырыбында тренинг-дәріс өткізді. Тренингтің мақсаты мен міндеттері: кәсіби мамандықты саналы таңдау формуласын анықтау, темпераментпен салыстыру. Мамандықтар туралы түсініктерді кеңейту, еңбекке және кәсіби өсуге оң көзқарасты қалыптастыру. Кездесуге П-61, п-60, М-141 топ студенттері қатысты. Презентация, видеоролик көрсетілді, кәсіптік бағдарды анықтауға тест жүргізілді.