Текст
2018 жылдың 15 мамырында Астрахан ауданының "Жастар ресурстық орталығы" КММ "Қазақстан Республикасының Қарулы күштері – бейбіт болашақтың кепілі" тақырыбында 1 және 2 курс жасөспірімдерімен дөңгелек үстел өткізді. Патриоттық сезімді тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың Отанға деген адалдығын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы студенттердің түсініктерін қалыптастыру мақсаты. Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 27 жыл толуына арналды. Біздің еліміздің әскері өз Отанын қорғауда тұр,өз халқының тыныштығы мен бейбітшілігін қамтамасыз етеді.