АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өлке тарихы – ел тарихы

23.05.2019

2019 жылдың 22 мамыр күні №6 Агротехникалық колледжінің студенттері,  Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Өлке тарихы – ел тарихы» тақырыбында көшпелі фотосурет көрмесіне қатысты. Бұл іс-шараның жастарды патриотизмге тәрбиелеуде берер тағылымы өте мол. Аталған көшпелі фотосурет көрмесінің ерекшелігі – 17 аудан мен 2 қаланың тарихынан сыр шертіп, өңірдің әр бір ауданы мен ауылына дейін жететіндігі. Тарих қойнауына қарай жетелейтін бұл суреттер өз құндылықтарымен ерекшеленеді. Аудан әкімінің орынбасары Жанар Шахпұтова өз сөзінде туған жердің тарихын танып-таныту бұл патриотизмнің жарқын үлгісі екенін айтып, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, аудандық мемлекеттік архив директоры Зәуре Аманжолова құттықтау сөз сөйлеп, бұл көрме-өте бірегей көрме, барлық аудан тарихын баяндайды деп атап өтті. 

Просмотров: 675


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст