2019 жылы 24 мамырда "№6 Агротехникалық колледжі" КММ - де жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті. Ата – аналар жиналысы-бұл ата-аналардың бірлескен жұмысының негізгі түрі, онда колледж және үйде студенттердің өмір сүру және тәрбиеленуі бойынша маңызды мәселелер талқыланады және шешімдер қабылданады. Жиналысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О. Ф. Мамлеева ашып, ата-аналар жиналысының күн тәртібімен таныстырды. Бірнеше сұрақтар қарастырылды: колледждің 2018-2019 оқу жылындағы жетістіктері айтылды, бірінші семестр және екінші жартыжылдықтағы оқу үдерісінің қорытындысы шығарылды.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібі
1. "Халықаралық Отбасы күні" мерекесі – директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Мамлеева О. Ф.
2. Екінші жартыжылдықтың қорытындысын шығару-директордың ОЖ жөніндегі орынбасары Н. Г. Поплавская
3. Емтиханға дайындық – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Поплавская Н. Г.
4. Өндірістік практикадан өту - директордың ОӨТ жөніндегі орынбасары Сейтжанов К. С.
5. Флюорографиядан уақытылы өту – медбике қызметкері А. Ж. Балғабаева
6. Студенттердің демалыс және мереке күндері жатақханада тұруы –директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Мамлеева О. Ф.