Астрахан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі № 7 өрт сөндіру бөлімі және ауданның Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп Жас құтқарушылар командалары арасында жарыс ұйымдастырды.
Жарыстың мақсаты-жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, отпен жеңіл әрекет етуге жол бермеу.
11 маусым күні Астраханка а.7-ӨСБ аумағында ауданның жас құтқарушылары дағдыларға және білімділікке жарысу үшін жиналды. Жарысқа 4 мектеп пен Астраханка ауылының "№6 Агротехникалық колледжі" КММ қатысты. Жарыс үш кезеңнен тұрды – өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию, құтқару арқанын байлау, өрт сөндіру автоцистернасынан жауынгерлік қанат жаю.
Жарыс қорытындысы бойынша жеке біріншілікте әскери киім кию бойынша 23,10 секунд уақыт көрсетіп, №2 Астрахан ОМ оқушысы Королевский Данил жеңімпаз атанды. Құтқару арқанын тоқу бойынша № 6 Агротехникалық колледжінің оқушысы Приходько Максим 4 секунд нәтиже көрсетті.
Жалпыкомандалық есепте орындар келесідей бөлінді: үшінші орынды №2 Жалтыр орта мектебінің командасы, екінші орынды №6 Агротехникалық колледжінің командасы иеленді. Жеңімпаздар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
№1 Астрахан орта мектебінің оқушысы Амангельдин Ерасыл грамотамен және бағалы сыйлықпен марапатталды.