АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021-2022 жылғы ата аналар жиналысының хаттамасы М-20/146 топ

18.05.2022

ХАТТАМА

 

 

Күні  "12 "  мамыр   2022ж                       "Астрахан ауылы АТК " МКҚК

                                                                       ГККП "АТК село Астраханка"

                                                         Оқу орнының атауы/ Найменование учереждения/ Institution name

 

    

Барлығы: 9 ата ана                

Өткізу түрі: Zoom платформасы                                                                                                     

Қатысқандар: 5  адам

Қосымша өткізу түрі: Watsapp мессенджері

Қатысқандар: 4  адам

 

 

Күн тәртібінде

  1. Студенттің сабаққа қатысуы –қатыспауы яғни  Colleg Smart Nation платформасына жүктелген пән бойынша  тапсырмаларды уақытылы орындамайтындығы туралы толық ақпарат
  2. Құқық бұзушылықты алдын алу шаралары
  3. Курстан курсқа өткізу бойынша  емтиханға дайындық
  4. Студенттердің тәртібі туралы және жазғы демалыстарын ұйымдастыру
  5. Әр түрлі сұрақтар

 

Тыңдалды:

         1. Студенттердің Colleg Smart Nation платформасына жүктелген пәндер бойынша  тапсырмаларды уақытылы орындауы, 2021-2022 оқу жылының 2 жартыжылдық қорытындылайтын пәндері бойынша болжамды  бағалары туралы алдын ала мәлімдеме берілді.

         2. Құқық бұзушылықты алдын алу шаралары туралы презентация бойынша ақпарат берілді. Ақпараттың мақсаты: Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің колледжде  атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалынғандығы туралы айтылды. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отырды.  Студенттер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында колледжде құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайтындығы айтылды, Әр ай сайын кеңес отырысы болып өтеді. Кеңес құрамында 10 адам бар. Кеңес төрағасы колледж  басшысы және колледж ұстаздарынан құралған. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және де құқық бұзушылықпен күресуде көмек көрсету мақсатында колледжіміз  аудандық полициямен тығыз байланыста. Сонымен бірге, бүгінде колледжімізде  спорттық үйірмелер жұмыс істеп, оған  студенттер тартылып отырғандығы айтылды.

Қылмыстың алдын  алудың бірден-бір жолы – студенттердің колледжден тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру.

 Міндеті: балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

          3. Курстан курсқа өткізу бойынша  емтиханға дайындық туралы апарат берілді. Білім мекемесінің  белгілеген курстан курсқа өткізу бойынша пәндер емтиханы және консультация, күні, уақыты Colleg Smart Nation платформасының сабақ кестесі бөлімінде арнайы көрсетіледі. Студенттер штаттық тәртіпте емтихан тапсыратыны ескертілді.

4. Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет.Ұлды тәрбиелей отырып жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз деген қазақтың сөзіне тоқталып, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ескерттім.

5. Соңғы бөлім бойынша әр түрлі сұрақтар қойылды, әр ата-ана өз ойларын, пікірлерін айтты.

 

 

Шешімі:

1. Студенттердің   Colleg Smart Nation платформасына жүктелген пән бойынша  тапсырмаларды уақытылы орындайды, қадағалау ата-аналарға жүктелді.

2. Тәртіпке бағынған құл болмас!

3.  Курстан курсқа өткізу бойынша емтиханға дайындық жұмыстары штаттық тәртіпте жүргізіледі.

4. "Тәрбиенің ең тамаша мектебі- ол отбасы".

5.Әр түрлі сұрақтар бойынша ата аналар өз сұрақтарына тиісті жауап алды.

Zoom бағдарламасында өткізілген ата- аналар жиналысына қатыспаған 4 ата-анаға Watsapp желісі арқылы толық ақпарат жіберілді.

 

 

 

Топ жетекшісі: _______Жолбарысхан Г.

                                                                   Ө/о шебері :________   Муканов О. К.

Просмотров: 744


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст