Текст
Адалдық пен парасаттылықты тәрбиелеу заманауи білім берудің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осы күндері колледжде "Нұр-Отан" партиясымен бірлесіп, "Адалдық сағаты" атты бірыңғай парасаттылық сағаты өткізілді. "Нұр-Отан" партиясының төрағасының орынбасары Құралбек Сағындықұлы Сүлейменов студенттерге адалдық пен парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларын, олардың алдын алу бойынша еліміздің қол жеткізген жетістіктерін түсіндірді. Дәл осы жаста болашақ азаматтың әдептілік негіздері қаланады, негізгі рухани құндылықтар бойға сіңіріледі, бұл баланың ересек кезінде сүрінуіне жол бермейді.