№6 Агротехикалық колледжінде «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстар» тақырыбында бірінші курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының маманы Арман Жапаров, ішкі саясат бөлімінің келісім бойынша маманы Индира Абильдина және жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Зарина Оспанова қатысты. Шараны орталықтың маманы А.Жапаров ашып, жат ағымдардың ерекшеліктері мен сипаттарын баяндай келе, олардан сақтану жолдарын түсіндіре кетті. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды насихаттап, халқымыздағы тәрбиенің маңыздылығы жөнінде түсіндіріп, қазақ халқы ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі ислам діні қоғамда да, мемлекетте де тыныштықты, адамгершілікті, парасаттылықты насихат етеді. ішкі саясат бөлімінің келісім бойынша маманы И.Абильдина дәстүрлі емес ағымдардың Қазақстан аумағында таралуы және олардың қоғамға әсері туралы айта келе, жас ұрпақтарға бағыт-бағдар көрсету керектігіне тоқталды. Шара соңында студенттер көкейтесті сұрақтарына мамандар тарапынан нақты жауап алды.