АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ. ОМ-21/73 тобы

03.06.2022

Сабақтың тақырыбы:  Ақпараттық анықтамалық құжаттар

 

Мақсаты:

Білімділік: Теориялық  материалдарды тәжірибе жүзінде қолданыла білуге үйрету, құжаттарға қоятын талаптарды толық игеру. Жалпы іс қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жазуға және толтыра білуді үйретуде жоғары нәтижеге қол жеткізу.

Дамытушылық: Оқушыларды іс қағаздарын екі тілде құрастыруды үйрету. Логикалық  қабілетін дамыту. Тіл ұстару екі тілде еркін сөйлеуге орысша, қазақша үйрету. Өз мамандығы бойынша еңбекке араласқан кезінде жұмыс орындарында, мекемелерде іс қағаздарын сауатты және еркін жаза білуге үйрету.Мәтінмен аударма жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: Іс қағаздарын толтыру кезінде ұқыптылыққа, жауапгершілікке және мемлекеттік тіл мәртебесін жоғарлатуға бейімдеу;                                                 

Үйлестіру деректемелері: Екі тілде толтырылатын құжаттар үлгілері көрсету ;

Сабақтың түрі:  дамыта оқыту, аралас

Ұйымдастыру формасы:  топтық, дербес, жұптық

Сабақтың өтілу әдісі:   - коммуникативтік сөйлеу,сөз әдісі, әңгіме -дәріспен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: құжаттар үлгісі көрсетілген плакаттар, папкалар ;                                  

Техникалық құралмен жабдықтау: Дербес компьютер

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі,  қазақ тілі

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:  -   сәлемдесу,  кезекшімен сұхбат

         

II. «Жылулық шеңбері»

III. Үй тапсырмасын тексеру;

                                                               Сұрақтар  

 

  • 1) Қауіпсіздік техникасының ережелері
  •  қандай пунктерге болуге болады?
  • 2) Жалпы  қауіпсіздік талаптары ?
  • 3)ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойлатын қауіпсіздік талаптары?
  • 4)ДК –мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары ?
  • 5) Апат жағдайлардағы  қауіпсіздік талаптары ?
  • 6) Алғашқы медициналық көмек көрсету әдестері?
  • 7) Электр тоғымен зақымдағанда қандай көмек көрсету керек?
  • 8)Қүйгенде  қезде     қандай қөмек көрсету керек?
  • 9) Демі тоқтағанда қандай көмек көрсету болады?
  • 10) Қөз талғанда қандай жаттығулар жасайды ?
  • 11)Кіріс құжаттарды қалай тіркейміз?
  • 12) Шығыс құжаттарын қалай қайда жіберіміз?
  • 13) Монитордан көзге қанша сантиметр болуы керек ?

 

 

Тақырып бойынша қысқаша материал

Анықтама – мазмұны белгiлi бiр фактiнi я оқиғаны дәлелдейтiн, растайтын, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық iс қағазының түрi.

Өмiрдiң түрлi жағдайларына байланысты бiзге әр кезеңде, түрлi мекемелерге барып ір мазмұнда анықтамалар алуға тура келедi. Бiздiң жеке басымызды куәландыратын құжаттарды жоғалтып алғанда да анықтама оның орнын уақытша ауыстыра алады.

Мекеме жетекшiсi өз билiгi мен өкiлеттiгiнiң шеңберiнде анықтама беруге нұсқау бередi және оны растап қол қояды. Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бiр ақпаратты растау үшiн берiледi. Мысалы, тегi, аты-жөнi, туған күнi, туған жерi, еңбек стажы, атқаратын қызметi, бiлiмi туралы мәлiмет, мамандығы т.б. Анықтама берiлген мәлiмет әркез мұқият тексерiлуi қажет. Мәлiметтiң дәлдiгiн тексерумен кадр бөлiмiнiң қызметкерi я ұйым жетекшiсi өкiлдiк берген секретариат қызметкерi айналысады. Анықтамадағы қызметтiк сипаттағы мәлiметтi тиiстi бөлiм қызметкерi тексередi. Мысалы, еңбекақы туралы мәлiметтi бухгалтерия бөлiмiнiң қызметкерi тексерiп, дайындайды. Анықтама беру журналындағы рет санының өсу тәртiбiне орай әр анықтамаға нөмiр қойылады және бiрнеше дана берiлсе ол да көрсетiледi. Мысалы, «422/2», берiлген анықтаманың көшiрмесi мекемеде қалдырылмайды. Кейбiр ерекше жағдайда көшiрмесi қалдырылатын болса ол жеке iс папкасына немесе қызметкердiң жеке iсiне тiгiледi.

Анықтама А5 форматты парақта дайындалады. Кейбiр көлемi үлкен анықтамалар ұшiн А4 форматты қағаз парағы пайдаланылады. Анықтама  құрылымына  мына мәлiметтер кiредi:

-құжат аты;

- негiзгi мәтiн;

- анықтаманың қай ұйымға берiлгенi туралы мәлiмет;

- анықтаманың жарамдылық мерзiмi жайлы мәлiмет;

- анықтаманы берiп отырған ұйымның мөрi мен анықтама берушi           адамның қолы.

  • – мазмұны белгiлi бiр фактiнi  оқиғаны дәлелдейтiн, растайтын, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық iс қағазының түрi.

 

                                         «АЗАМАТ» ЖМПИК

                                        

                                            № 1 АНЫҚТАМА   

 

01.10.2003

        Азамат Самат Қанатұлы Омар 1970 жылы туған, Павлодар қ., Мир к., 1-үй, 2-пәтерде тұрады.

        Отбасы құрамы: Әйелі, Анар Оспанқызы Омарова, 1971 жылы туған.

        Ұлы, Әмір Саматұлы, 1998 жылы туған.

        Анықтама талап етуші орынға көрсету үшін берілді.

 

«АЗАМАТ» ЖМПИК-ның төрағасы мөр 

                                                                              қолы / тегі /    

1-тапсырма:

2. Жағдаяттар бойынша  анықтама үлгісіне қарап құжат жазыңыз:

Анықтама Сапар Жолдасбекұлының мекенжайын растау үшін әскері комиссариатқа керек. Мекенжайы: Семей қ., Пушкин к-сі, 45-үй, 12-пәтер.

Анықтама ұлттық кітапханаға Бақытова Айнұрдың Әл-Фараби атындағы КазҰУ-дың заң факультетінде оқитынын растау үшін керек.

2-тапсырма:

 Сөз тіркестерін аударыныз:

Деректі растау-

жеке адамға байланысты

ақпаратты растау,

бірнеше дана, анықтама нөмірленеді

анықтама мазмұны,

анықтама мәтіні,

кімге берілгені,

мекеме басшылары,

мекеме мөрі,

не үшін берілгені,

мөр басылады,

жарамдылық мерзімі.

  •  (actus - «әрекет») - заңды күші бар ресми құжат. Ол іс-әрекетті, тұрмыс тіршілікті растайтын ресми құжат және лауазымды адамдармен бекітіледі. Акт оны жасаушылар шығарған қорытындыдан, айтқан кеңестен, ұсыныстардан тұруы мүмкін (тексеру, зерттеу, тексеріс, бұйымды сынау және т.б.). 

3-тапсырма:

Жағдайаттық тапсырма: Досыңның атына сенім хат жазу;

4-тапсырма:

Жағдайаттық тапсырма: Парталас досыңның атына қолхат жазу;

5- тапсырма:

Студенттер үлгіге қарап өз өмірбаяндарын жазады.

Сергіту сәті:

Қорытынды:

Ойтаразы сұрақтары:

  • Бүгінгі сабақтың басты тақырыбы не  болды?
  • Жұпта , жекелей қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?
  • Бүгін не үйрендім?
  • Сабақ маған қандай әсер қалдырды?
  • Сабақта өзімді қалай сезіндімі?
  •  

Үйге тапсырма:

Ақпараттық –анықтамалық құжаттар туралы толық мәлімет  іздеу.

Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан студенттерді бағалау.

Просмотров: 631


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст