Ұрпағына жол ашқан, мұқалмаған қаншама қиындықтан,
Жасымаған қарттарым, өмірінің сан-сала сырын ұққан.
Табиғаты керемет, таудай мүсін байсалды қариялар,
Шежірелі жүрегі, баталы ауыз жаралған жылылықтан.
Асқарындай таулардың, күмістей боп ақ кірсе де басыңа,
Заңғар ойлы қарттарым, мұқалмағын, қартайсаң да жасыма.
Ұлы көштің сынығысың із тастаған, қарттығыңды ұмытып,
Бір жасарып қалғандай бір шөбереңіз келген кезде қасына.
Ақылына ақ саусақпен жас кекілді сипап қана айтатын,
Арға балар, алтынменен сатып алмас байлығымдай байқадым.
Болашағың өскен сайын қуанасың, шүкірлікпен жас алып,
Көкірегіңде қуаныш бар көздеріңнен көрсем дағы қанша мұң.
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжіриебелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыз колледждің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Сіздерді шын жүректен бүгінгі мерекелеріңізге орай №6 Агротехникалық колледжінің қызметкерлері құттықтайды.