07.10.2019
Республикамыздың барлық өңірінде ағымдағы жылдың 25 қыркүйегі мен 25 қазан аралығында ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қатысуымен Отан алдындағы борышын өтеуге жас сарбаздарды әскерге шақыру науқаны өтеді.
Бойында қырағылық пен батылдық, ерлік пен жігерлік қасиеті бар, сондай-ақ, бойы 180 см кем емес, дене болмысы шымыр келген, моральдық-психологиялық тұрғыдан берік, жан-жақты білімімен ерекшеленетін ер жігіттер азаматтық борышын Елбасының және өзге де күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды миссиясы міндеттелген, еліміздің элиталық әскери құрылымындары "Айбын" және "Батыр" Президенттік полктерінің қатарында ер-азаматтық міндетін атқаруға ниет білдірсе жергілікті әскери басқару органдарына келуге асығыңыздар.