АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

31.03.2017

Ақмола облысы әкімдігінің

    2015 жылғы 25

маусымдағы

    № А-7/296 қаулысымен

                                               бекітілді

 

 

«Техникалық және

кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында

білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жатақханасы бар Ақмола облысының

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін

қызметті беруші) көрсетіледі.

         2.  Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз

түрінде.

         3. Техникалық және

кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру

туралы жолдама мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну

нысаны: қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін

қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің)

өзара  әрекет ету тәртібінің сипаттамасы

 

         4. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін

қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №

200 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында

білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. 

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін

әрбір рәсімдеудің (әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтылығы:

         1)

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді

жүзеге асырады – 15 минут. Нәтижесі – басшылыққа құжаттарды жолдау;

         2)

көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 1 жұмыс күні.

Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;

3) жауапты орындаушы жолдаманың жобасын дайындайды – 7

жұмыс күні. Нәтижесі – басшылыққа жолдаманы жолдау;

4) көрсетілетін қызметті

берушінің басшылығы жолдаманың жобасымен танысады – 1 жұмыс күні.

Нәтижесі – жолдамаға қол қою;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін

қызметті алушыға

жолдаманы береді – 15 минут. Нәтижесі – техникалық және

кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру

туралы жолдама беру.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде

көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің)

өзара әрекет ету тәртібінің сипаттамасы

 

6. Мемлекеттік көрсетілетін

қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын

құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі: 

1)               

көрсетілетін

қызметті берушінің кеңсесі;

2)               

көрсетілетін

қызметті берушінің басшылығы;

3)               

көрсетілетін

қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың)

ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасында

рәсімдердің (іс-қимылдың) кезеңділігін сипаттау:

1)               

көрсетілетін

қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге

асырады – 15 минут;

2)               

көрсетілетін

қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 1 жұмыс күні;

3)               

жауапты орындаушы

жолдаманың жобасын дайындайды – 7 жұмыс күні;

4)               

көрсетілетін

қызметті берушінің басшылығы жолдаманың

жобасымен танысады – 1 жұмыс күні;

5)               

көрсетілетін

қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға жолдаманы береді – 15

минут. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру процесінде көрсетілетін қызметті беруші рәсімдерінің (іс-қимылдарының), құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметшілерінің) кезеңділігін толық сипаттау, осы регламенттің

қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет

берудің бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

        

 

 

 

 

Просмотров: 950

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст