Текст
28 қарашада жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы аясында, жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша "№6 Агротехникалық колледжі" КММ-де 2019 жылдың 29 қазан мен 29 қараша аралығында қысқа мерзімді бір айлық курстар өткізілді. 53 студент АВГ категориясындағы тракторшы, наубайшы, аспазшы, сатушы, электр газбен дәнекерлеуші, шаштараз-шебер мамандықтары бойынша шығарылды.