АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ
2020 жылғы 4 ақпанда аудан әкімі Н.Қ. Сейіловтың халық алдында қорытынды есеп беру кездесуі өтті.
Есеп беру кездесуі жұмысына Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.М. Дүзелбаев қатысты.
Қорытынды есеп беру кездесуіне облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары, дербес бөлімдер мен ұйымдардың басшылары, ЖШС және ШҚ, БАҚ басшылары шақырылды.
Есеп беру кездесуі барысында Н.Қ. Сейілов ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттер туралы есеп берді – Астрахан ауданының экономикасында негізгі рөл агроөнеркәсіптік секторға беріледі, оның тұрақты дамуына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі тәуелді болады. Аграрлық секторды дамыту келесі көрсеткіштермен сипатталады: 2019 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 33 млрд. теңгеден асты, 374 мың га алаңда жаздық егістік жүргізілді. Аудан бойынша мал шаруашылығы өнімін өндіру жоспары 100 % орындалды.
Сондай – ақ, әкім өз сөзінде «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасын, «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру мәселесіне, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мәселелерге тоқталды.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.М. Дүзелбаев сөз сөйледі.
Есеп беру кездесуі тілектестік жағдайында өтті.