АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылғы есебі

29.02.2024

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Астрахан ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Агробизнес және сервис колледжі» МКҚК. Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы Абылай хан көшесі 1.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Астрахан ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Колледж өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, мониторинг жүргізеді және жеке тұлғаларға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді.

Басшының оқу, оқу – өндірістік, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты барлық қызметкерлер мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оқытудан және біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Ақмола облысы білім басқармасының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 53 бұйрығына сәйкес колледж 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есепті жария талқылаулар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес колледж кеңсе, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, ҚР БҒМ ММ АЖО, Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі Egov, College Smart Nation көрсетілетін қызметті берушінің 6 атауы бойынша ақпараттық жүйелері арқылы қызметтер көрсетеді.

2023 жылы колледж 451 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:

Мемлекеттік корпорация арқылы – 15;

Электрондық үкімет порталы арқылы – 5;

Ақпараттық қызмет көрсету жүйесі арқылы – 382;

Кеңсе арқылы – 49 (оның ішінде: білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау - 15, академиялық демалыстар ұсыну – 7, жатақхана ұсыну – 26, техникалық-кәсіптік білімін аяқтамаған тұлғаларға анықтама ұсыну – 1.)

Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, орта және жоғары білімнен кейін техникалық және кәсіптік ұйымдардың білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақ беру. 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштер түскен жоқ, өйткені ҚР 12.03.2012 жылғы № 320 қаулысына сәйкес жұмысшы мамандықтары бойынша оқитын студенттер тегін тамақпен қамтамасыз етілген.

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау 225 талапкерлердің  өтініші келіп түсті;

2. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға 183 жатақхана ұсыну мемлекеттік қызметі көрсетілді;

3. 20 техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру мемлекеттік қызметі көрсетілді;

4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау – 16 мемлекеттік қызмет көрсетілді;

5. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға 6 академиялық демалыс беру мемлекеттік қызметі көрсетілді;

6. 1 өтініш техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімін аяқтамаған тұлғаларға анықтама беру.

2.      Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған ....... «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде. Колледждің фойесінде көрсетілетін қызметтер туралы неғұрлым қолжетімді ақпарат алу үшін стенд орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі көрсетілген.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Колледжде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді орта жағдайлары жасалған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылды, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті барлық перифериялық құрылғылар бар, мемлекеттік қызметті қалай алуға кеңес беретін жауапты тұлғалар бекітілді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің ғаламтор порталында жүзеге асырылады.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

2023 жылы білім беру ұйымы БАҚ және ғаламтор-ресурстарда 18 мақала жариялады, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 3 кеңес, колледждің ресми ғаламтор–ресурстарында 2 тікелей эфир өткізді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 6 мемлекеттік қызмет "College Smart Nation"ақпараттық жүйесінде автоматтандырылған.

Сондай ақ 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР ЖП ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді.

Сонымен қатар, қолда бар "College Smart Nation" ақпараттық жүйесі колледждегі оқу процесін цифрлық форматта автоматтандыруға мүмкіндік берді: талапкерлерден құжаттарды қабылдау, оқуға қабылдау, оқудан шығару туралы бұйрықтар; оқу жоспарлары, журналдар.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Агробизнес және сервис колледжі» МКҚК қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 3 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді. Барлық қызметкерлер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

1) 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

2. Мемлкеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің ішкі аудиті жүргізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік қызмет көрсетуде ескертулер мен бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

Колледжде қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тұрақты мониторинг жүргізіледі. Ай сайын Ақмола облысының білім басқармасына мемлекеттік қызмет көрсетудің ішкі мониторингі бойынша жұмыс туралы есеп беріледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

 Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған «Агробизнес және сервис колледжі» МКҚК мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету және халықты хабардар ету жөніндегі жұмыс және бақылау іс-шараларының жоспары әзірленіп, бекітілді.

Негізгі индикаторларды талдауға сәйкес, «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың кешенді көрсеткіші» Ақмола облысының колледждері арасында 2023 жылы колледж келесі көрсеткіштерге қол жеткізді:

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету – 100%.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу-100 %.
  3. «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін ұлғайту-44,7 %, мемлекеттік корпорация–11,8%.
  4. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданылатын ескірген компьютерлік техниканы жаңарту-100 %.
  5. Біліктілікті арттыру курстарын өту–100%.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етудің кешенді көрсеткіші 42,5% құрады, біздің колледж ТжКБ ұйымдар арасында осы көрсеткіштер бойынша 21 колледж арасында 9-орынды иеленді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз етудің кешенді көрсеткішін арттыру үшін 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыстарға талдау жүргізе отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету және халықты мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру жөніндегі жұмыс жоспары және бақылау іс-шаралары «Астрахан ауылы, агротехникалық колледжі» МКҚК 2024 жылға арналған мынадай тармақтарды ескере отырып жасалды:

  1. «Электрондық үкімет» порталы, мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін 90 % дейін ұлғайту.
  2. (Instagram, facebook және т. б.) әлеуметтік желілердегі ресми беттерде (12-15 минуттан кем емес) барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша онлайн жәрмеңкелер (тікелей эфирлер) өткізу.

3.      Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру бойынша жұмысты оңтайландыру: білім алушыларға жатақхана беру, академиялық демалыс беру.

Сіз колледждің ресми сайтында және әлеуметтік беттерде Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпаратпен танысып, түсініктеме қалдырып, кеңес ала аласыз, сондай-ақ 2-24-91, 2-34-49 телефон нөмірі арқылы кеңес ала аласыз.

Агротехникалық колледждің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы ҚР әрбір азаматына сапалы қызмет алуға мүмкіндік береді.

Просмотров: 5915

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст