АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И СЕРВИСА" ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Біз әлеуметтік желілерде

Жаңалықпен бөлісу

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасы күні»

14.09.2020


Баршаңызды «Отбасы күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!


Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.

Отбасы – қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланады.
Отбасының ең басты құндылығы – күнделікті өмірінен білініп жүрген
патриоттық сезімі, үлкендерді құрметтеумен байланысты және бала тәрбиесінде, оқуда, еңбекте көрсетілген рухани-өнеге негіздерін ұрпақтан-
ұрпаққа жалғастыруы. Әрбір шаңырақтағы береке – түптеп келгенде, тұтас
елдің берекесі. Адамға еңбекқорлық, отансүйгіштік, жасампаздық пен
мейірімділік сияқты асыл қасиеттер отбасы арқылы дариды.
Отбасы – бақыт пен шаттықтың, берекелі бірліктің алтын қазығы.
Құрметті оқырмандар! Баршаңызға отбасы күні мерекесі құтты болсын, халқымызға бейбітшілік пен тыныштық, шаңырақтарыңызға бақыт, табыс тілейміз! Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз! Мерейлі отбасылар көбейе берсін!

Просмотров: 689

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст