Қазан айының 29 күні «Діни экстремизм, деструктивті діни ағымдар» тақырыбында колледж студенттерімен Zoom платформасында онлайн конференция өтті. Қазіргі кезде қоғамымызды, адам санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп барады. Олардың қаншама біз білмейтін түрлері бар. Сонымен қатар оның адам санасына, өміріне деген қаншалықты зиян келтіріп жатқанын көптеп естіп жүрміз. Міне осы діни ағымдар туралы студенттерге мәлімет бере отырып, біздің мұсылман дінімізде оларды қолданудың, қабылдаудың зияны мен жағымды жақтарын түсіндіре білген спикерлер, Ақмола облысының дін істері басқармасы жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы» КММ-нің теолог маманы Арман Жапаров және Астрахан ауданы Ішкі саясатының теолог маманы Дулат Арнабаев. Осы адастырушы діни ағымдар туралы студенттерге мәлімет бере отырып және олардан аулақ болуын айтып өтті.