17.12.2020
15 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған, онлайн форматта Zoom қосымшасы арқылы салтанатты іс-шара өтті. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі Жастар! "Тәуелсіз ұлтын көшбасшысы" челледжінің үздік қатысушылары Кадирбердиева Салтанат, Жанбырбаев Айкын, Путинцева Татьяна өлеңдерін айтты.
Құттықтау сөз басшының міндетін атқарушы Сейітжанов Қанат Сағнайұлы мен басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Валентина Сергеевна Путинцеваға берілді. Өз сөздерінде Тәуелсіз елдің бүгінгі жастары тарих пен мәдениетті, дәстүр мен әдет-ғұрыптарды құрметтейтін, Отанды қорғауға қабілетті ұрпақ өсуіне кәміл сенеді. Сондай-ақ, салтанатты іс-шарада 1,2 жане 3 курс студенттері марапатталды.