Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ А-2/36 қаулысымен
бекітілді
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта
қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік
көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін
қызметті беруші).
Өтініштерді
қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті
берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:
қағаз түрінде.
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу
орындарында білім алатындарды ауыстыру немесе қайта қабылдау туралы бұйрық, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады (бұдан әрі -
бұйрық).
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз
түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4.
Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015
жылғы 6 қарашадағы №
627 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру
және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы қажет.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету
процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны
орындаудың ұзақтығы:
1) кеңсенің қызметкері құжаттарды қабылдауды, тіркеуді
жүзеге асырады және басшыға ұсынады – 15 минут;
2) басшы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны белгілейді – 15 минут;
3) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды, бұйрық жобасын дайындайды және басшыға
ұсынады:
ауысу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын
тапсырған сәттен бастап - 28 күнтізбелік күн, бірақ қабылдаушы білім беру
ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей;
кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе заңды
өкілдері басқа тұрғылықты жерге көшкен жағдайда, растау құжаттарын ұсынса, оны
каникул кезеңінен басқа уақытта да ауыстыруға рұқсат беріледі;
қайта қабылдау үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын
тапсырған сәттен бастап – берілген күннен бастап 12 күнтізбелік күн;
оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан
шығарылған білім алушы төлемақы бойынша берешегін өтеген жағдайда:
оқудан шығарылған күннен кейін 26 күнтізбелік күні төлемақы
бойынша берешегін өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде;
4) басшы бұйрық жобасымен танысады, қол қояды және бұйрықты
кеңсеге жолдайды –15 минут;
5) кеңсенің қызметкері бұйрықты тіркейді
және көрсетілетін қызметті алушыға бұйрықтың көшірмесін береді – 15 минут.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік
қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) құжаттарды тіркеу, басшыға құжаттар пакетін жолдау;
2) орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;
3) бұйрықтың жобасын дайындау және басшыға жолдау;
4) бұйрыққа қол қою, бұйрықты кеңсеге жолдау;
5) бұйрықты тіркеу, көрсетілетін қызметті алушыға бұйрықтың
көшірмесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету
процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) тізбесі:
1) кеңсенің қызметкері;
2) басшы;
3) жауапты орындаушы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете
отырып,
құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың)
реттілігін сипаттау:
1) кеңсенің қызметкері құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және
басшыға ұсынады – 15 минут;
2) басшы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны белгілейді – 15 минут;
3) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды, бұйрық жобасын дайындайды және
басшыға ұсынады:
ауысу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап
- 28 күнтізбелік күн, бірақ қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан
сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей;
кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе заңды өкілдері басқа
тұрғылықты жерге көшкен жағдайда, растау құжаттарын ұсынса, оны каникул
кезеңінен басқа уақытта да ауыстыруға рұқсат беріледі;
қайта қабылдау үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап
– берілген күннен бастап 12 күнтізбелік күн;
оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған білім алушы
төлемақы бойынша берешегін өтеген жағдайда:
оқудан шығарылған күннен кейін 26 күнтізбелік күн төлемақы бойынша
берешегін өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде;
4) басшы бұйрық жобасымен танысады, қол қояды және бұйрықты кеңсеге
жолдайды –15 минут;
5) кеңсенің қызметкері бұйрықты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға
бұйрықтың көшірмесін береді – 15 минут.
Мемлекеттік
қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімінің (іс-қимылының) өзара әрекеттесуін толықтай
сипаттауы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.